Қандаламен күресу жолдары қандай?

Қандаламен күресу жолдары қандай?

Қандала қандай жәндік? Қандаладан келер қауіп қандай және онымен қалай күресу керек?
Майсара БОТАШ,
Шығыс Қазақстан облысы
Қажығали КАРДАСИНОВ, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және монито­ринг ғылыми-практикалық орталығы» маманы:
– Қандала – қанмен қоректенетін қанатсыз паразит. Олардың белсенділігі түнгі  уақытта арта­ды. Күндіз зиянды жәндіктер кез келген қараңғы, бірақ жылы жерлерде ұйықтайды. Олар адам денесінің ашық жерлеріне жабысады. Егер аш болса, ол жарық уақытта да шабуыл жасауы ықти­мал. Қандала шаққанда ауырсыну сезілмейді. Қандала, негізінен, ескі үйлерде жиі кездеседі. Егер бөлмелерде терең саңылаулары бар ағаштан жасалған еден болмаса, қандалалар жаңа бетоннан, монолит­тен және кірпіштен салынған құрылыстар­да тіршілік етпейді. Жәндіктің орташа тіршілік ету уақыты – 14 ай.
Қандаланың иіс сезу ағзасы жақсы дамыған. Бip қан сору кезінде қандала өз салмағынан екі есе көп қан сорады. Бұл қор оған тек бір тәулікке жетеді. Қандалалардың көбі адам қанымен қоректенеді, кей жағдайда малға, үй құстарына шабуыл жасайды. Кеміргіштер де олардың құр­баны болады. Сондықтан кей жағдайда кемір­гіш­терде кезігетін жұқпаны адамға жұқтыруы мүмкін. Тіршілік ету кезеңінде ересек жәндік 300-500 жұмыртқа салады. Толық жеті­лу циклы шамамен 40 күнді құрайды. Тіршілік етуге қолайсыз ортада жетілу ұзақтығы екі есеге артады. Қандала15°С температурада бip тәулік тіршілік етсе, 50 °С температурада тіршілігін жояды.
Қандала қызба, оба, бөртпе сүзегі сияқты қауіпті жұқпалардың тасымалдаушылары бо­лып табылады. Дегенмен бұл ұйғарым ғылыми түрде дәлелденбеген.
Қандалаға қарсы қолданатын дезинфек­ция­лық заттар: Сольфак EW 050 – майлы сулы эмульсия, Сольфак WP 10 – ылғал­дандырылған ұнтақ, Байтекс ЕС-50 – кон­центратты эмульсия, Сенузан 48% – кон­центрат, Фуфанон – кон­цент­рат, Сума­тион НП 27,5% – концент­ратты эмуль­сия, Аль­фат­рин – ылғалдандырылған ұнтақ, Дезар дуст – ұнтақ, Бриз 25% – сұйық­тық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста