Егер де 100 данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдары есепке қоюдан босатыла ма? Қандай жағдайда БАҚ есепке қойылмайды?
Жанерке АЙДАРБЕКҚЫЗЫ, Тараз
Бұл мәселе «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 12-бабында көрсетілген.
Таралымы:
– жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
– ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
– сот практикасының бюллетеньдерін;
– кабельдiк желiлермен таратылатын теле, радио, бейне, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
Қандай жағдайда БАҚ-ты есепке қою талап етілмейді?
Последние статьи автора