Қандай құжаттар визаларды алмастыра алады?
Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге арналған визаларды қандай құжаттар алмастыра алады?
Жанерке СӘМБЕТОВА, Алматы
ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;
3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;
4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.