Дәрігерлердің айтуынша, әйелді жіңішке әрі тартымды, сұлу ететін киімдердің көпшілігі денсаулыққа елеулі зиян келтіреді екен.Бұл туралы Shutterstock.com хабарлайды.
Биік өкшелі аяқ киім, үлкен сөмке, түрлі-түсті мата мен әртүрлі әсемдеулер әйелді әлдеқайда тартымды етіп, оның келбетін жаңарта түседі. Алайда аталмыш киімдер мен заттар әйел адамның ағзасына кері әсерін де тигізеді екен.
Скинни мен джеггинс
Ультра безендіру – әйелдер үшін қазіргі таңда маңызды нәрсе. Сол арқылы артық майды көрсетпей, дене бітімдерін сұлу етіп ұстайды. Дизайнерлер де әйелдердің талғамына сай қып-қысқа ішкиімдер мен сымдай тартылған киімдерді ұсынып отыр. Дәрігерлердің айтуынша дәл мұндай киімдерді тұтыну денсаулыққа қауіп төндіреді. Мысалы, осы киімдердің әсерінен іштің кебуі пайда болады. Қысып тұратын киімдер ішектерді сығымдап, олардың жұмыс істеу қалпын бұзады. Мұндай киімдерді тұтыну келесідей проблемаларға ұрындырады:
Терінің қызаруы
Кішім жамбас органының кеңеюі
Зең ауруы
Ондай киімдер орган мен тамырға қысымды арттырып қана қоймайды, сондай-ақ, ауа алмасу жағдайына да кедергі келтірмек. Мұндай қысып тұратын киімдер ер адамдарға да зиян. Бұтқа жабысып тұратын джинсы материалындағы киімдер ер адамдардың еркектік қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Әйелдер корсеті
Иә, корсеттер өте әдемі, еліктіргіш, әрі мығым. Алайда бұл заттың әсіресе, әйелдердің киім ілгішінде тұрмағаны абзал. Оның басты мақсаты – мықынды мығым ұстау. Алайда корсет құрсақ қуысын тарылтып, кері әсер тигізеді.
Кеудені қысып ұстап тұратын корсеттер де зиянды. Оларды пайдалану арқылы бұлшық ет зақымданып, қан айналымы қызметін баяулатып, бауыр да қиналысқа ұшырайды. Тіпті әйелдерде бұл затты пайдалана салысымен гипоксия пайда болып, ол бас мидың зардап шегуіне алып келеді. Ағзаға ауаның жетіспеушілігі адамның физикалық тұрғыдан шаршауына әкелетін бірден бір жағдай.
Қауіпті іш киім
Іш киім ағзаға зиян келтіреді десек, оған сенбейтін шығарсыз. Алайда оның да зиянды тұстары бар. Дәрігерлердің пайымдауынша, бүгінгі іш киімдер әйел ағзасына орны толмас залал келтіруі мүмкін. Бірінші кезекте стринг іш киімдер. Әрине, белдемше және тырысып тұратын көйлек кигенді ұнататын арулар үшін стринг таптырмас құралға айналды. Алайда оның зияны шаш етектен. Өйткені матаның жұп-жұқа элементтері түрлі бактерияларды ағзаның бір аймағынан екінші аймағына оңай тасымалдайды. Ол терінің қабынуына және қозуына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, стрингтер циститке жиі душар етеді.
Бүгінде кең танымалдылыққа ие болған ішті тартып тұрғыш іш киімнің зияны басым. Ол мінсіз дене бітіміне оңай қол жеткізудің бір құралы болғандықтан да мол сұранысқа ие. Алайда гардеробыңыздағы бұл зат кіші жамбас аймағындағы қанайналымының бұзылуына әкеп соқтырады. Ол аз десеңіз, іш киімнің бұл түрі әркез жоғары сапалы матадан жасалмайды. Көбінесе оған синтетикалық маталар қолданылады. Ал ол өз кезегінде тершеңдікдің, қозудың, аллергияның белсенділігін арттырады.
Ал төстартқыштар қандай болады?
Сондай-ақ, дұрыс емес таңдалған төстартқыш та әйелдің денсаулығына едәуір зиян тигізуі мүмкін. Іш киімнің бұл түрі дұрыс таңдалмаса, одан ешқандай пайда жоқ. Оның өлшемін өзіңізге сай етіп реттеп алмасаңыз, ол кеудеңіздің өзгеріске ұшырауына, оның «солып» қалуына, ал кей жағдайда арқа ауруына душар етуі мүмкін.
Ал заманауи «пуш-ап» модельдері кеуде обырының дамуына ықпал етуі мүмкін. Себебі төстартқыштың бұл түрі төсті қысып, оны ұзақ уақыт бойы табиғи емес күйде болуға мәжбүрлейді.
Биік өкшелі аяқ киім
Көптеген әйелдер «биік өкшелі аяқ киімді шешсең кемпірге айналғаның» деген стереотиппен өмір сүреді. Алайда көпшілік мұндай аяқ киімдердің денсаулыққа ауыр залал тигізетінін біле бермейді. Жалпы ең оңтайлы биік өкшенің биіктігі 3-5 см болса игі (оның өзінде шпилька болмауы керек). Негізі металлдан жасалатын биік әрі жіңішке өкшелер әйелдердің өміріне 50-жылдары кірді. Ол уақытта әйелдер өздерінің биязылығын, нәзіктігін білдіру үшін қатты тырысты. Биік өкшелер әлі күнге дейін кең сұранысқа ие. Дегенмен, биік өкшенің келтіретін зияны әйелдерге байқалмайды. Аяқ киімнің бұл түрі дененің қалыпты жағдайын бұзады. Ақырында оның омыртқасы қисайып, арқасы мен аяғы ауырады, бұлшықеттерінің құрылымы өзгереді.
Үлкен дорба-сөмкелер
XXL өлшемді сөмкелер Карл Лагерфельд осындай модельдерді подиумға шығарғаннан кейін танымал болды. Бұл зат қолданысқа ыңғайлы. Яғни үлкен болғандықтан да, сыйымдылығы жоғары. Ал оның зияндылығын ойлап, ешкім бас қатырмайды. Біріншіден, сөмкенің бұл түрі ішіне ештеңе салмасаң да 6 келі салмақты құрайды. Екіншіден, олардың басым бөлігі қолды қайырып немесе саусақтарды бүгіп ұстауға мәжбүрлейді. Ақырында әйелдің арқасы ауырып, бел омыртқасы бұзылады, жүрісі құртылып, бас ауруына шалдығады. Мұның барлығы омыртқа шеміршегінің дегенеративті бұзылуына және артритке әкеп соқтыруы мүмкін. Омыртқаға түсетін тепе-теңсіздік қол-иық периартритіне әкеледі.
Дәрігерлер салмағы 4,5 келіден аспайтын (ішіндегі затымен бірге) сөмке ұстауға кеңес береді. Одан бөлек, ауыр зат көтерген жағдайда қол ауыстырып тұруға кеңес береді. Массаж алып, арқаға, мойын мен иыққа арналған жаттығулар жасаған артықтық етпейді.