Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қандай әйел орынды себепсіз күйеуінен талақ сұрамасын, ол үшін Жәннаттың иісі харам болады!» деген.(Ахмад).
Имам Ибн Қудама былай деді: «Бұл хадис қажетсіз талақ сұраудың (ажырасуды сұраудың) тыйым салынғандығына нұсқайды, өйткені бұда әйелдің өзі үшін де, күйеуі үшін де зиян бар, сондай-ақ бұл некені қажеттіліксіз пайдасынан құр қалдырады».
Имам әш-Шәукани былай деді: «Бұл хадисте әйелдің күйеуінен талақ сұрауына қатаң түрде тыйым салынғанына нұсқау бар! Өйткені кім Жәннаттың иісін сезбесе, сол , демек, Оған кірмейді емес пе!?»
Келесі хадисте: «Орынсыз ажырасу мен айырылысуды талап ететін әйелдер екіжүзділер болып табылады» (Нәсаи) делінген.
Имам әл-Мунауи былай деді: «Мұндай әйелдердің екіжүзділікпен сипатталғандығының себебі – (әйелдерді) осындайды істеуден қорқыту және сақтандыру үшін. Әйел кісіге күйеумен қастасу, күйеуінің діни немесе дүниелік нашар сипаты мен мінез-құлқы себебінен оны жек көру, оның кейбір қақыларын орындамау қауіпі сияқты себептер болмаса, одан хулғ сұрауы айыпталады».
Хулғ сөзі – шешу, сыпыру (киімді т.б) деген мағына береді. Шариғатта – күйеудің әйелге өтемақы ала отырып бостандық (ажырасу) беруі.