Қалыңдықтың көйлегi неге ақ түстi?
Бiрқатар елдерде қалыңдықтың көйлегi ақ түстi болып келедi. Өз ұлттық киiмiмiз бола тұра, өзiмiздiң қазақ қыздары да ақ көйлек киюдi жөн көредi. Менiң бiлгiм келгенi, осы ақ көйлек киюдiң тарихы қай уақыттан бастау алған?
Наркес ҚОЙТАЙ
Ежелден ақ түс шаттықтың, адалдықтың белгiсi ретiнде саналады. Кез келген қыздың арманы – ақ көйлек киiп, тұрмысқа шығу. Алайда көне замандарда қалыңдықтар небiр ашық түстi көйлектер киетiн болған. Ал ақ көйлектiң қалай сәнге айналғандығының бiрнеше нұсқасы бар. Бiрiншi нұсқа бойынша, Еуропада XX ғасырда Виктория ханшайым тұрмысқа шыққанда, алғаш рет ақ көйлек киген екен. Басқа да деректерге сүйенсек, одан бұрын бұл сәндi Анна Австрийская енгiзген деген болжамдар бар. Аннаның үстiнде ақ көйлектiң әдемi көрiнгенi соншалық, кейiннен Францияның, Англияның, Испанияның, Португалияның ақсүйек қыздары одан үлгi алып, үйлену тойында ақ көйлек киюдi дәстүрге айналдырған. Бұған дейiн Еуропада қалыңдықтар алқызыл көйлек киген екен. Дәл қазiргi кезде қазақтың қыздары тұрмысқа шыққанда, өзiмiздiң сәукелемiз бен қынама бел көйлегiмiздi кигендерi жөн болар едi.