Денеде меңнің, қалдың көп болуы денсаулыққа зиян келтірмей ме? Туа біткен меңді хирургиялық жолмен алып тастауға бола ма?
Гүлнұр ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ, Семей қаласы
Дәрігерлер бүгінгі күнге дейін адам денесіндегі мең мен қалдың 300-дей түрін анықтаған. Бір кездері әйелдер меңді сән көріп, өздерінде болмаса, қолдан жасап алатын болған. Ал қазіргі кезде денедегі әрбір даққа дәрігерлер ғылыми тұрғыдан қарайды. Қал медициналық тілде «теріде пайда болатын пигментті невус» деп аталады. Қатерлі емес ісік түріне жататын мең немесе қал кейде асқынып, қатерлі ісікке де айналуы мүмкін. Жаңадан туған балада мең өте аз болады. Әдетте мең жасөспірім кезде көріне бастайды. Сондай-ақ ағзада гормондық өзгерістер болғанда, мысалы, әйелдің жүктілік кезінде денеде қара дақтар немесе мең пайда болады. Денсаулыққа қатер төндіретін, зиянды ісікке айналатын меңдер өте сирек кездеседі. Дегенмен «сақтанғанды сақтаймын» дегендей, абай болу керек. Егер денеңіздегі меңнің түсі өзгеріп, көлемі ұлғайса, ертерек тері дәрігеріне қаралыңыз. Бірақ ешқашан өздігіңізбен меңге, қалға тиіспеңіз. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз. Дәрігерлер сізді алаңдатқан меңді мұқият тексеріп, денсаулығыңызға залалы келмейтіндей әдіс қолданады. Заманауи медицинадағы ең үлкен жаңалықтардың бірі – лазер. Бүгінде меңді осындай лазерлі радиотолқындар арқылы алып тастауға да болады.
Қалдан құтылуға асықпаңыз
Последние статьи автора