Қалақайдың жапырағының емдік қасиеті күшті деген рас па?
Жұлдыз, Алматы қаласы
Шынында да, қалақай — денсаулыққа пайдалы шөптердің бірі. Оның ұсақ сабақтарының бойында органикалық қышқылдар, микроэлементтер мен танин көп кездеседі. Мұнда лимонның құрамындағы А, С, К дәрумендерінен де көп каротин сияқты асқазанға пайдалы заттар бар. Әлсіреген, тозған ағзаға керекті заттардың бәрі осы қалақай шөбінің бойынан табылады. Ағзаға күш беру үшін 150 грамм қалақай шөбін пайдаланса жетіп жатыр. Қандағы қанттың көбеюіне қарсы тұнба жасап ішуге болады: екі стақан суға екі ас қасық ұнтақталған қалақай шөбінен салып, 15 минут баяу отқа қойып қайнатып, күніне үш рет бір ас қасықтан ішеді. Бұл қаназдыққа, бауыр, өт, бүйрек қабынуына, асқазанға, суық тигенде пайдалы. Жаңа гүлдеген жас жапырақтарынан шай қайнатып, ем ретінде ішуге болады.
Қалақайдан шай қайнатып, ем ретінде ішуге болады
Последние статьи автора