Қаламгердің қандай шығармалары кең таралған?

Көрнекті әдебиетші ғалым, Зейнолла Қабдоловтың жазушы ретінде қандай еңбектері кең таралған?
Гүлмира Дәулетқызы,
Талдықорған қаласы
Зейнолла Қабдолов «Ұшқын» және «Жалын» романдарының, «Адам», «Сыр» атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы акаде­миялық және бірнеше облыстық театрлар­дың сахналарында қойылған «Сөнбейтін от» драмасының авторы. Жазушыға «Менің Әуезовым» романы үшін 1998 жылы Қазақ­стан Республикасының Мем­ле­кеттік сыйлығы берілді.
Тұңғыш көлемді шығармасы – «Өмір ұш­қыны» 1956 жылы қазақ тілінде, 1958 жылы «Иск­ра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы «Адам» атты әңгіме­лер мен очерк­тер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда «Сөнбей­тін от» пьесасы сыйлық алған. «Мұхтар аға» доку­менталды кинофильмі­нің сце­нарийін жазған. Мұнайшылар өмі­рінен жазылған «Жалын» романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. 1964-2002 жылда­ры әде­биеттану ғылымы мен теориясын зерт­теу, орта және жоғары оқу орындарына ар­нал­ған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» моногра­фия­ла­ры, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдау­лары, «Көзқарас» талдаулар мен тол­ғаныс­тары, «Әде­биет теориясының негіз­де­рі» атты еңбек­тері студенттер мен мұғалім­дердің және жазу­шы журналистер­дің қа­жет кітаптарына айнал­ды.
Аударма жұмыстарымен де айналысып, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хат­тарын, В.До­б­ровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.За­к­руткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкий­дің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қал­ған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аудар­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста