Ақан Нұрмановтың өмірі мен шығармашылығы жайында кеңірек білгім келеді? Қандай кітаптары жарық көрген? Қай жерлерде қызмет атқарған?
Алма Өтегенова, Талдықорған қаласы
Ақан Нұрманов 1933 жылы 30 сәуірде Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Одан кейін Қостанай облысы Амангелді ауданы орталығында орта мектепті бітірген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 1951 жылы Қазақ тау-кен институтына оқуға қабылданады. Әйтсе де жазушы боламын деген мақсатпен бұл оқуын орта жолдан тоқтатып, Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөліміне тапсырады. 1957 жылы осы оқу орнын журналист мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1957-1964 жылдар аралығында Қостанай облысы Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» газеттерінде қызмет істеген. 1964-1968 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
«Арайлы таң», «Аққу жұлдызы», «Құланның ажалы» кітаптарының авторы. Небәрі 35 жыл ғұмыр кешкен қаламгер үшін бұл қызметтер мен шығармашылық жетістіктер аз емес.
Қаламгердің қандай кітаптары бар?
Последние статьи автора