Қайырымдылық шаралары неге аз?

Қайырымдылық шаралары неге аз?

Шетелдік қай ақпаратты алсаңыз да, дамыған елдерде  қайырымдылық, демеушілік шараларының өтіп жатқанын жиі байқайсыз. Ал бізде мұндай игі шаралар тым аз көрініс береді. Оның себебі неде?

Гүлнар ӘЛИАКПАРОВА, студент

Иә, өзіңіз айтып отырғандай, әлемде қайырымдылық, демеушілік шараларының бір ізге қойылғаны соншалықты, ол сол қоғамның деңгейі мен сипатынан көрініс береді. Осы тұрғыда, мәселен,  АҚШ меценаттықпен айналысатын жеке тұлғаларды, ұйымдарды салықтан босатады. Франция салықтан 60 пайыз жеңілдік береді. Сондықтан Еуропада қайырымдылық қорының саны да шексіз. Ал бізде меценаттық енді дамып келе жатқан сала болып табылады. Осы жолда ізденістер мен зерттеулер де жүргізіліп жатыр.

Жалпы,  бізде «Меценаттық және демеушілік туралы» Салық кодексінде қамтылған. Бірақ ол толықтырулар мен өзгертулерді қажет етеді. Осыған қатысты қоғам өкілдері тыңғылықты еңбек атқарған  болатын. Оның жемісін биылғы жаңа Салық кодексінен көреміз деп те үміттендік. Өкінішке қарай, жағдай басқаша болып шықты. Ал бұл саланың неге дамымай жатқандығы туралы Қазақстан Кәсіпкерлері тәуелсіз қауымдастығының вице-президенті Тимур Назхан былай түсіндіреді:

– Біріншіден, кәсіпкерлердің мұнымен айналысуына бізде қажетті құқықтық база жеткіліксіз. Ал Салық кодексінде көрсетілген қайырымдылық шараларына салықтың үш пайызы бөлінеді деуі – ақылға сыймайтын нәрсе. Сол себепті кәсіпкерлер осындай игі шараға қатысуда өз қалтасынан ақша шығарады. Екіншіден, кәсіпкерлердің өзі демеушілікпен айналысуға онша құлық артпайды. Өйткені жергілікті әкім немесе басқа да билеуші органдағы шенеуніктер кәсіпкерден ақша алып, өзіне міндетті жұмысты атқаруда барлық жақсылыққа, шарапатқа өзі ие болады. Ал ақша беруші адам – демеуші туралы ешбір жерде сөз етпейді. Осындай бейбастақтықтар кәсіпкерлердің жиренішін тудыруда. Ал бір жыл бұрын талқыланып, әзірленген «Меценаттық пен демеушілік» туралы заң жобасы сол күйі қабылданбай қалды. Себебі ол туралы Салық кодексінде айтылған, соның өзі жеткілікті десті. Ал шын мәнінде ол жеткіліксіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста