Екі ай бұрын досымның ағасы мен жеңгесі көлік апатынан қайтыс болған еді. Жерлеу рәсімдерін өткізу үшін досым біраз шығынға батты. Өзі қазір қайғы үстінде. Мен оған «ағаңның жылжитын, жылжымайтын мүліктерін сатып, ақша қылып ал» деп кеңес беріп отырмын. Досымның өтінішінен кейін сіздерге бір сұрақ қойсам ба деп едім. Қайтыс болған адамның жылжитын, жылжымайтын мүліктерін қалай сату керек?
Досбол ҚАСЫМОВ, Алматы қаласы
Заң бойынша қайтыс болған адамның жылжитын, жылжымайтын және өзге де мүліктерін сату үшін кемінде алты ай мерзім өтуі керек. Сондай-ақ осы уақыт аралығында марқұмның тікелей мұрагері болып табылатын адам анықталады. Егер олардың балалары болмаса, ата-анасы, бауырлары оның мұрагері болып табылады. Мұрагерлік құқық заңдастырылғаннан кейін ғана тікелей мұрагері марқұмның үйі, көлігі сияқты мүліктерін сату құқығына ие болады.
Қайтыс болған адамның мүлкін қалай сатуға болады?
Последние статьи автора