«Қайрат» КСРО құрамасынан ұтылды

Алматыда «Қайрат» клубының ардагерлері КСРО құрамасымен (ардагерлерімен деген дұ­рыс шығар) кездесіпті. Осы ойында 1:0 есебімен КСРО ардагерлері жеңіске жетіпті. Екі ко­манданың құрамында кімдер ойнағандығын білейін десем, қазақстандық басылымдар тек ойын барысы туралы жазыпты. Командалар құрамын еш жерден кездестіре алмадым. Сіз­дерден сұрайын дегенім, осы ойындағы командалар құрамын толық жариялай аласыздар ма?
Боранбай ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,
Қарағанды облысы
«Қайрат» клубы мен КСРО ардагерлері ара­­сын­дағы ойын Алматыдағы Орталық ста­дион­­да өтті. Бұл ойында 1:0 есебімен қонақтар же­­ңіске жетті. Жалғыз голды кезінде КСРО құ­ра­­масы сапында зымырандай зырлаған Игорь Бе­­ланов соқты. Жасыл алаңда екі команда са­пын­да мына ардагер-футболшылар өнер көр­сет­ті:
КСРО құрамасы (ардагерлер): Сейілдә Бай­шақов, Ев­гений Яровенко, Вахид Масудов, Евстафий Пех­ле­ва­ниди, Валерий Новиков, Игорь Беланов, Юрий Гав­ри­лов, Олег Роман­цев, Вагиз Хидиятуллин, Александр Тар­­ханов, Георгий Ярцев, Юрий Ковтун, Сергей Агаш­ков, Ре­нат Атаулин, Александр Дозморов, Ва­лерий Шмаров, Виктор Булатов, Христофор Ми­хай­ли­­ди.
«Қайрат» (ардагерлер): Құралбек Орда­баев, Ахметжан Есімов, Сейілдә Байшақов, Алек­сандр Убыкин, Юсуп Шадиев, Сергей Вол­гин, Вахид Масудов, Фанас Салимов, Вик­тор Катков, Михаил Гурман, Қайрат Айманов, Ға­ни Қай­назаров, Болат Есмағамбетов, Сер­гей Жуненко, Сергей Кулинич, Александр Кук­лев, Алексей Клишин, Роман Вороговский, Юрий Найдовский, Эдуард Глазунов, Нурид­дин Хасанов.
Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, бұл кездесуде бір ғана адам кәсіби футболшы болмаған. Ол – Алматы қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімов. Бірақ «Қайрат» футбол клу­бы­ның баспасөз қызметі әкімді бірінші таймдағы үз­дік ойыншы ретінде айрықша атап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста