Қай сала мамандары ең көп табыс табады?

Қазақстанда қай сала мамандары, қандай кәсіп иелері ең көп табыс табады?
Гүлмира САПИЕВА,
Алматы облысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойын­ша, ең жоғарғы жалақы көмір­су­тегі шикізатын өндіру саласында жұ­мыспен қамтылған ұйымдардың бас­шы­ларында – 1 025 000 теңге тіркелді, бұл – тұтастай ел бойынша бас­шы­лар­дың орташа алатын жалақысынан 5-6 есе жоғары. Осы са­ла­да біліктілігі жо­ға­ры және орта мамандар жоғары жал­ақы – 285 мың теңге және тиісінше 208 мың теңге алатынын атап өт­кен жөн. «Жоғары жалақы төленетін» қаржы және сақ­тан­дыру ком­па­ния­ла­ры­ның (638 мың теңге), әуе көлігі (544 мың теңге), ме­тал­лургия өнеркәсібі кә­сіп­орындары (443 мың теңге) бас­шы­ла­ры болып табылады, яғни республика бойынша басшылардың орташа жал­ақы дең­гейінен 2,5-3,5 есе жо­ғары.
Біліктілігі жоғары мамандар ішінен жо­ғары жалақы әуе және теміржол кө­лі­гі, құрылыс және қаржы қызметінде 110 мыңнан 195 мың теңгеге дейін, бі­лік­тілігі орта – құрылыс, көлік және қар­жы саласында, мұнай өңдеу өнім­дерін өндіруде 100 мыңнан 190 мың теңгеге дейін белгіленді. Осы кәсіптер тобында төмен ақы төленетін жиһаз, тоқыма бұйым­дары өндірісі, ауыл шаруашылығы, нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру, білім беру және пош­та қызметкерлерінде болды, олардың жалақылары 40-60 мың теңгені құ­рады. Ұйымдардың білікті жұ­мыс­шыларының орташа айлық жалақысы 74 мың теңгені, біліктілігі жоқтардікі 34 мың теңгені құрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста