Қырғызстан депутаттары мұсылман елі ретінде жұма күнін демалыс етіп жариялау жөнінде мәселе көтеріпті. Жалпы, қазір қай мұсылман мемлекеттер жұма күні демалады екен?
Лезхан, Қызылорда
Мұсылман халқы жұма күнді күндердің ұлығы санайды. Сондықтан да бірқатар мұсылман елдерінде осы күнді демалыс ретінде жариялаған. Мысалы, Сауд Арабиясы, Ауғанстан және Иран мемлекеттерінде жұма аптаның соңғы күні болып есептеледі. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері жұма күнін аптаның соңғы және демалыс күні етіп бекіткен болатын. Осыдан бір жыл өткеннен кейін Кувейт те сондай шешім қабылдады. Жуырда Гамбия Президенті Яйа Джамме де мұсылмандар үшін жұма намазын оқуға қолайлы жағдай жасауды көздеп, жұманы демалыс күні деп жариялады. Ендігі кезек, сіз айтып отырған, Қырғызстанға келген сияқты. Қазір осы елдегі ірі партиялардың бірі, «Ар-Намыс» фракциясының өкілдерінің айтуынша, Ақ үйде қызмет жасайтын 200-ден астам мемлекеттік қызметкер – намазхан. Ал Жоғарғы Кеңестегі 35 депутат, яғни депутаттардың 1/4-і жұма намазға қатысады екен. Бұл көрсеткіш Қырғызстандағы демалыс күнін ауыстыруға себеп бола ала ма? Оны алдағы уақыт көрсете жатар.
Қай мемлекеттер жұма күні демалады?
Последние статьи автора