Қағаздан жасалған....

Қағаздан жасалған....

Бірде теледидардан қолына бір жапырақ қағазды ала салып, небір әдемі бұйымдар жасайтын қолөнершіні көрсеткен еді. Кез келген адамды қызықтырарлықтай өнер екен. Мұндай қолөнерді қайдан үйренуге болады?
Ерасыл ҒАЗИЗҰЛЫ,
Алматы қаласы

Қағаздан түрлі пішіндегі фигуралар жасайтын қолөнер түрі «оригами» деп аталады. Бұл өнер түрі алғаш Жапонияда пайда болған. Адам баласы ойлап тапқан ең бір ерекше материалдың бірі – қағаздың өзі шығыс елдерінен шыққан емес пе? Біз қағазды қарапайым зат деп қабылдаймыз, ал жапондар қағазды «ками» деп аталатын магиялық қасиеті бар құдірет деп есептейді. Кезінде жоғары таптың өкілдері көбелек, тырна, гүл етіп жасалған фигуралар арқылы бір-бірімен хат жазысқан. Мұндай геометриялық денелер сезімді білдіруге ең қолайлы әдіс деп саналған. Оригами өнеріне қатысты жапондарда көптеген аңыз да сақталған. Сондай аңыздардың бірін мысалға келтіре кетейік. Егер қағаздан мың тырна жасап, оны мың адамға тарататын болсаң, арманыңа жетесің деген сенім болған. Жапон философтарының пайымдауынша, адам қағаздан түрлі фигуралар жасаған кезде саусақтары арқылы бойындағы барлық ауру-сырқаулары кетіп, денсаулығы жақсарады екен. Сондай-ақ тілінде мүкістігі бар дімкас балаларға жазылып кету үшін осы қолөнерді үйреткен жөн деседі. Ғалымдар жүргізген зерттеуге сүйенсек, осы бір қолөнер түрі адамның логикалық және жан-жақты ойлауын, қабылдауын жақсартады. Сонымен қатар адамның есте сақтау қабілеті, төзімі шыңдалып, қозғалысы қалыпқа келеді. Біздің елде оригамиді үйрететін арнайы орындар болмағанымен, шеберлер бар. Олар кей-кейде хабарландырулар беріп, мастер-кластар өткізіп тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста