Қағанат қашан құрылған?
Мен орыс мектебін бітіргенмін. Онда Қазақстан тарихы дұрыс оқытылмады. Қазақ даласында көне дәуірде Түркі қағанаты болғаны белгілі. Осы жөнінде қысқаша дерек берсеңіздер.
Шәкен НҰРБЕКҰЛЫ, Алматы қаласы
552 жылы Ұлы далада Түркі қағанаты құрылды, негізін қалаушылар – Бұмын қаған, інісі Естеми, орталығы – Өтікен (қазіргі монғол жері). Қағанат он ұлысқа бөлінген. «Түрік» деген сөз ең алғаш рет 542 жылы пайда болған, ол сөз күшті, мықты, қаһарлы дегенді білдіреді. Бұл мемлекеттің ең мықты кезі – Білге қаған мен інісі Күлтегін дәуірі. 745 жылы Түркі қағанаты әлсіреп, құлады. Құрамындағы ұлыстар бірнеше мемлекеттерге айналған, солардың ең мықтысы – Түргеш қағанаты. Қазақ тайпаларының халық болып құрыла бастауы арысы Батыс қағанаты Түргеш ұлысы (704-766 жж.) кезінде, берісі Қарлұқ ұлысы (766-999 жж.) кезінде басталды.