Тас дәуіріндегі жартасқа салынған суреттер, көне қала Помпейдегі дуал сынықтарындағы жазбалар бізге тарихтан белгілі. Бірақ әртүрлі суреттер мен әріптер таңбаланған қабырғаларды шетелдің үлкен қалаларынан бүгін де кездестіруге болады. Бұл өнер ме, әлде басқа ма?
Нұрлықыз МАНАРБЕК, Шымкент
Әлем-жәлем дуалдарды көріп, «Бұзақылар бүлдіріп кеткен екен» деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ ол – нағыз граффити. Граффити дегеніміз – дуалдарға, қамалдарға, басқа да тік қабырғаларға бояумен, сиямен салынған суреттер немесе жазулар. Жартастағы суреттер мен заманауи граффитидің арасында айырмашылық көп. Қазіргі кезде бұл – әбден мойындалған өнер. Ал бәрін бастаған XX ғасырдың 60-жылдарында Нью-Йоркте тұрған, Теки деген лақап аты бар грек баласы Деметриус болатын. Ол елден ерекшеленгісі келіп, үй қабырғаларына лақап атын жазып жүреді. Көп ұзамай басқа жасөспірімдер де өз есімдерін дуалдарға жазуды әдетке айналдырады. Тіпті оларды жазалау шаралары да еш нәтиже бермейді.
Граффити бүкіл әлемге тез таралып кетті. Көше суретшілері өздерін «райтер» деп атай бастады. Графикалық өнер сан алуан түрлерге және стильдерге бөлінеді. Граффитидің негізгі түрі «райтинг» деп аталады. Бұл – эскиздер арқылы күрделі картиналар мен суреттер салу, олардың кейіпкерлері мультик қаһармандары да, кәдімгі адамдар да болуы мүмкін. Ал «бомбинг» деген түрі көбінесе көлікке салынады.
Қабырғаға сурет салу қайдан шыққан?
Последние статьи автора