Естуімше, 6 маусым Ресейде Пушкин күні екен. Және бұл күнді тек ресейліктер ғана емес, жырсүйер қазақстандықтар да өзінше атап өтіпті. Пушкиннің ұлы ақын екені белгілі. Әйтсе де оның біздің тарихымызға қатысы қаншалықты?
Азат НҰРБЕКҰЛЫ, Талдықорған қаласы
Ресей Федерациясы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 27-сіндегі Жарлығымен ұлы ақынның туған күні салтанатына орай, 6 маусым жыл сайын Пушкин күні ретінде аталып өтеді. Александр Пушкин шығармашылығын жоғары бағалайтын қазақстандықтар да жер-жерде ақын ескерткішінің алдына барып, рухына тағзым етіп, өлеңдер оқиды. Ақынның қазақ тарихына қатысы тұрғысынан айтарымыз, Александр Пушкин 1833 жылы Орынбор және Орал қалаларына келген. «Пугачев тарихына» қатысты мағлұматтар жинап, «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпосын жазып алған. Оның шығармалары XIX ғасырдың II жартысында Абайдың аударуымен елімізде кеңінен таралды. Абай «Евгений Онегиннен» бірнеше үзінді нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдер шығарды. Ақын Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын бірінші болып толық аударды.
Пушкиннің қазақ тарихына қатысы қаншалықты?
Последние статьи автора