Психологиялық тест: Ерніңіздің пішіні қандай және ол сіз жайлы қандай сыр шертеді?

1. Сіз өзгелерден өзгерексіз, үнемі көңілді жүресіз, адамдармен тез араласып кетесіз. Басқалардан тек жақсылықты көріп, жағымды ойлар ойлайсыз, бұл өзіңіз үшін де жақсы. Жануарларды жақсы көресіз, қызықты фильмдер көріп, әңгіме-дүкен құрған да ұнайды. Романтикалық кештерге қарағанда, жақынмен өткізген жарты сағатты артық көресіз.

2. Санға қарағанда сапаны жоғары қоятын адамсыз. Әдепті жансыз, күнделікті қайталанатын әдетіңізді бұзғандарды ұнатпайсыз. Сырт көзге өзіңізге сенімді көрінесіз, бірақ іштей өзін-өзі бағалау деңгейіңіз төмен. Ақылды, парасатты жансыз, барлығын бақылауда ұстайсыз. Сізге сақ болу керек, себебі кейде сенімді ақтамайтын адамдарға да сеніп қаласыз. Өзгелерге шабыт беретін әңгіме айтуды ұнатасыз.

3. Сіз өзгелерге пайдаңызды тигізуді ойлап тұрасыз. Ұйымдастыру жұмыстарында жолыңыз болғыш. Бірақ үйде бәрі басқаша. Жеке өміріңізде тепе-теңдікті табу қиын, жиі жүйкеңіз жұқарады. Барлығын назарда ұстағыңыз келеді, бірақ ол үшін балансты табу керек. Өмірге деген терең көзқарастар қалыптастыруға көбірек уақыт бөліңіз.

4. Сіз үнемі бір жаққа асығасыз. Тәуліктің жиырма төрт сағаты аздық ететіндей қабылдайсыз. Оңашада ойлануды ұнатпайсыз, сол себепті үнемі айналысатын бір нәрсе табуға тырысасыз. Қатаң тәртіппен жүресіз, бірақ бақытты өмір үшін бұл сізге керек пе, оны да ойлап қойыңыз. Шабыт беретін адамдармен жиі араласыңыз. Бір сәт аялдап, әлемнің рахатын сезінуге уақыт бөліңіз.

5. Ойшыл әрі мейірімді жансыз, бірақ сізге өмірде эмоциялар жетіспейді. Болашаққа нақты қандай мақсатыңыз бар екенін білмейсіз, алайда пайда әкелерін сезесіз. Не нәрсе бақыт сыйлайтынын, жаныңыз не қалайтынын түсінуіңіз керек. Өмірді сүйесіз, демалысты жақсы көресіз, бірақ сізге бір кез жұмысыңызды да сүйіспеншілікпен істеу керек. Өз қадір-қасиетіңізді арттыра біліңіз.

6. Сіз еңбекқор әрі өзгермелі адамсыз. Сезімдеріңізді сыртқа шығаруды ұнатпайсыз. Әлемді өзгерте алатыныңызға сеніміңіз мол. Сізбен араласқан адамдар бойыңыздағы қарапайымдылықты жоғары бағалайды. Өмірдің мәнін мұңнан іздейсіз, өз-өзіңізбен жиі торығып отырасыз. Негізінен жайсыздық пен депрессия өміріңізді тек қиындата түседі, сол себепті одан бас тартыңыз.

7. Сіз уайымшылсыз. Сондықтан өмірдің тосын сыйларына жолықпас үшін, барлығын алдын ала жоспарлап қоясыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүресіз, ештеңенің байыбына бармайсыз. Шынайы қарым-қатынастан қорқасыз. Қызығушылықтарыңыз бен армандарыңыздың артынан ілесуге жүрексінбеңіз. Жаныңызға шаттық сыйлайтын істі табыңыз.

8. Жүйкесі тозған, жаңашыл идеяларға бай, жұмбақ жансыз. Жаңа нәрселер ойлап тапқышсыз, бұл өмірге деген көзқарасыңызды батыл көрсетуге көмектеседі. Интроверсияға жаныңыз жақын, іске берілген, терең ойлы жан деп сізді айтамыз. Интеллектіңіз қалыпты, ішкі түйсігіңізге сеніп, шабыттың қайнар көзін іздеңіз.

9. Сізді басқалар жақсы көріп, сыйлап жүргені өте ұнайды. Парасатты әңгіме, жақсы кітап, жаңа білім, сүйікті әуендер – сіз үшін ең жақсы күннің құрауыштары. Әрдайым кішіпейілсіз, бұл сізге ерекше күш береді. Жетістіктеріңіз арқылы басқаларды басқарғыңыз келеді, бірақ имиджіңізге нұқсан келтіретін бірден-бір жағдай – эгоистік. Айналаға зер салыңыз, сізден де басқа жақсы көруге тұратын дүние жетерлік.

 reactor

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста