«Профанация» деген не?
Осыдан біраз уақыт бұрын генерал-майор Айтқали Есенғұловтың газетке берген бір сұхбатын оқып отырып, «профанация» деген сөзді көзім шалып қалды. Бұл қандай мағынада қолданылған сөз?
Айжан ТҰРБЕКҚЫЗЫ, Алматы, оқушы
Профанация – латынның profanatio деген сөзінен алынған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл қасиетті саналатын құндылықтарды аяқасты ету деген мағынаны білдіреді. Аталған термин, негізінен, жаратылыстану, басқару теориясы және кибернетика салаларында кеңінен қолданылады. Жалпы, профанация адам психологиясы құндылықтары тұрғысынан алғанда, шынайы процесс болып есептеледі. Бұған мысал ретінде В.Ленин ұсынған социализмді құру идеясын айтсақ та болады. Бұл мемлекеттік құрылымға әр тарихи сәтте саяси ойлауға қатысты түрліше баға берілді. Яғни аталған идея бастапқыда профанациялауға ұшырады.