Президент кубогы қашан өтеді?

Президент кубогы қашан өтеді?

Жыл сайын осы мезгілде футболдан Президент кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтіп тұрушы еді. Биыл бұл туралы ақпараттарды әлі естімедім. Жалпы, дәстүрге айналған бұл дода биыл ұйымдастырыла ма?
Жанбота ОРАЛБЕК,
Алматы қаласы
2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл турнир биыл да жалғасын таппақ. Дүбірлі дода сәуірдің 26-сы мен 30-ы аралығында елордамыз Аста­наның «Астана-Арена» стадионында өтеді. Бірақ биыл турнирге әдеттегідей клубтық команда­лар емес, жасөспірімдер құрамалары қатыспақ. Қазақ­стан намысын бұл сында 17 жасқа дейінгі жас­өс­пірімдер құрамасы қорғайды. Яғни «Президент кубогы» халықаралық турнирі неміс маманы Оливер Пельцер үшін Қазақстан жасөспірімдер құра­масының жаттықтыруындағы алғашқы бапкерлік сынақ болмақ. Сондай-ақ Қазақстаннан бөлек, аталмыш додаға жеті ел қатысуға ниет білдірді. Олар: Өзбекстан, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Украина, Грузия және Армения. Қазақстан жасөспірімдері Өзбекстан, Әзір­байжан, Иран құрамаларымен бірге «А» тобына түсті.
Айта кетейік, өз тобында үздік шыққандар фи­нал­дық жұпты құраса, тобында екінші орын алған­дар тур­нирдің қола жүлдесіне таласады. Сол сияқты топ­та үшін­ші орын алғандар бесінші орынға таласса, өз топ­тары­ның аутсайдерлері жетінші орын үшін текетіреседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста