Полигон жеңілдіктері заң аясында беріледі
Мен 1993-1995 жылдар аралығында Семей ядролық полигоны аумағында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет атқардым. Осыған байланысты маған қандай жеңілдіктер берілуі мүмкін? Маған жылына бір реттік тегін санаториялық ем алуға жолдама беріле ме?
Марат ЕСТАЕВ, Алматы облысы
Сізге Алматы қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Әбдіримов Мұса жауап береді:
— Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787 – ХІІ заңы бойынша, 1949-1990 жылдар аралығында ядролық сынақ аумағында тұрған, қызмет еткен, әскери қызмет атқарған азаматтар әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Ал сіз бұл заң аясына кірмейсіз.