Алматыдан Петропавлға екі мысық пен тотықұсты алып баруым керек. Жануарларды пойызбен алып жүру үшін қандай ережені білуім керек?
Әнуар ЕСБОЛАТОВ, Алматы қаласы
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандарының мәліметінше, «Иттер, ұсақ үй жануарлары, құстар мен араларды тасымалдау туралы» ережеге сәйкес, ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды бөлек вагонда алып жүруге рұқсат етіледі. Жолаушы купедегі орын санына қарай жол ақысын төлейді. Аталған санаттағы жануарларды жәшіктер, себеттер, торлар мен контейнерлерге салып тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде оларды алып жүрушілер вагондағы санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтауға міндетті. Жабайы жануарлар, кеміргіштер мен бауырымен жорғалаушыларды тасымалдауға жауапты кәсіпорынның арнайы рұқсаты қажет. Егер соңғы аталғандарды пойызбен алып жүру үшін жүк вагонын қайта жарақтандыру қажет болса, оның шығынын жануарлар қожайыны немесе алып жүрушілер өтейді.
Пойызда жануарларды қалай алып жүруге болады?
Последние статьи автора