Осы күнге дейін пітір садақасын отбасымыз үшін әкем беретін. Енді жеке шаңырақ көтерген соң, өзімнің беруіме тура келеді. Жалпы, пітір садақасы қашан берілуі керек және оның мөлшері қанша? Бұл садақа түрі жайлы қысқаша мәлімет бере кетсеңіздер.
Мұрат ҚАДЫРОВ, Алматы қаласы
Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болғанымен, оны Рамазан айы басталысымен алғашқы күннен бастап-ақ беруге болады. Бұл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. Пітір садақасын берерде ниет ету керек. Бірақ пітір садақасын берген кісіге оның садақа екенін айту қажет емес.
Пітірдің мөлшері:
1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіп мөлшері – 1 кг 459 грамм немесе осының құны.
2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері – 2 кг 918 грамм немесе осының құны.
3. Кепкен жүзімнің уәжіп болған мөлшері – 2 кг 918 грамм немесе осының құны.
Пітірдің мөлшері қанша?
Последние статьи автора