Пингвин балық па, құс па? Оның еті жеуге жарай ма?
Ақмарал САЙЛАУОВА, Алматы қаласы
Пингвин – ұша алмайтын, тек суда жүзе алатын ерекше құс. Егер Реймонд Пристлидің «Антарктикалық одиссей» кітабына сенсек, онда 1912 жылы ойламаған жерден Антарктидада қыстап қалған капитан Скоттың экспедициялық партиясы бұл құстарды ғана азық еткен. Олар тіпті тюленьді де жеген, алайда оның қасында пингвин еті әлдеқайда дәмді екендігі кітапта жазылады.
«Пингвин еті дәмінің ерекшелігі сонда, сиыр етіне де, құс, балыққа да ұқсайды екен. Бірақ қатты, сондықтан оны сүрлемей жеу керек» дейді теңізші саяхатшылар. Олар тіпті «пингвин етін ұсақтап турап, онымен бірге пингвиннің өз жұмыртқасын қуыру керек» деп тіпті бір мәзір де ұсыныпты.
Пингвин етін жеуге бола ма?
Последние статьи автора