PhD деген не?

PhD докторлық бағдарламасы туралы білсем деп едім. Бұл бағдарлама бойынша оқығандар профес­сор атағын алып шыға ма?
Гаухар ӨТЕПБЕРГЕНОВА,
Қызылорда қаласы
Соңғы жылдары біздің елдегі білім жүйесіне ене бастаған PhD (Doctor of Philosophy) – америкалық үлгі­дегі бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша білім алатын кез келген мамандық иелеріне шартты түрде философия докторы деген дәреже беріледі. Біздің елдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында был­тырдан бері аспирантура мен докторантураға ізде­ну­шілерді қабылдау тоқтатылған. Ал диссертациялық кеңестер ескі жүйе бойынша қабылданған осы ізде­ну­шілерді қорғату үшін 2010 жылға дейін жұмыс істейді. Содан кейін ғылым докторы, ғылым кандидаты деген дәрежелер болмайды. Ғылым кандидаттары PhD бағ­дар­ламасы бойынша білімін жалғастыра алады. Зерттеу жобасы бойынша дайындық жұмысын бастаған, тақы­рыпты айқындаған, зерттеудің жан-жақты жоспары бар және өзі таңдаған шетелдегі ғылыми жетекшісімен бай­ла­ныс орнатып, шақырту алған магистратура түлектері немесе дипломы бар мамандардың PhD бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндіктері бар. Аталған бағдарла­ма­ға сәйкес, білім алушылар зерттеу жұмысының күр­де­лі­лігіне, сондай-ақ әр мемлекеттің білім беру жүйесіне орай 3-4 жыл оқиды. Мамандардың айтуынша, PhD жас ғалымдарға 30 жасқа дейін ғылыммен айналысып, жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста