Перзент көтеру жайлы ырымдарды білесіз бе?

Қазақта «қыздың артынан ұл ерсін» деген ниетпен қызға ұл есімін беріп жатады. Ал, орыстың әжелері қызды болғысы келетін жас жұбайлардың төсек астына бантик, тарақ жастанып жатуды, ұлды болғысы келетіндерге ойыншық машина, пышақ қоюға кеңес береді екен.

Немістердің болжамы бойынша, жаңбырлы күні қыз көп туылады. Ежелгі грек дәрігері Эмпедоклдің есептеуінше, әйел ыстықта – қыз, суықта – ұл көтереді. Жаңазеландиялық зерттеуші В.Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», депті. Белсенді әйелдің организмінде еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қабылдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жыныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса – қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетіндерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар.

Сосын, қайсысының махаббат сезімі күштірек – балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.

Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.

Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.

Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.

Астрологтар болса, жұлдызнамаға сенуге шақырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Сарышаян белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады. Сандарға қатысты

Егер әйелдің жасы жұп санға келіп тұрса, онда жұп санды айда қыз көтергісі келетіндер ұтымды пайдалансын (жұп санды ай ақпаннан басталады). Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Ұл сүйгісі келетіндер керісінше, жасы тақ санға келіп тұрса, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.

Ғалымдардың пікірінше, адамның жыныстық қатынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселесінде белсенді болсаңыз, ер-азамат, әйтеуір бір кезде тағдыр сізге ұл сыйлайтынына күмәнданбаңыз. Еркек гиперсексуальді болған кезінде, яки жас отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көпшілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса – қыз, еркек белсенді болса – ұлдың дүниеге келуі мүмкін, дейді орыс ғалымдары.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста