Педикюрдің пайдасы бар
Кейбір құрбыларым аяғының тырнақтарын бояумен әуестенеді. Аяқ күтіміне арнайы уақыт бөледі. Кейде мен де қызығып кетемін. Педикюр пайдалы нәрсе ме?
Айсұлу БЕКЕТАЕВА, Қарағанды облысы
Сіздің сауалыңызға қаладағы әсемдік салондарының бірінің маманы жауап береді:
– Адам терісі бірнеше қабат талшықтан тұратыны белгілі. Ішкі бөлігі өміршең жас жасушалар да, ал сырты – жансыз, тапталған тері. Сыртқы терінің құрылымы шыны тәріздес, қатты болып келеді. Сәл пайда болған жарықшақ түскен салмақтан одан әрі жарылады. Соның әсерінен тірі жасушалар да зиян шегеді. Адам жүрген кезде табанында жанға батып ауыртатын жарықшақтардың пайда болуы да сондықтан. Педикюр осындай кеселдердің алдын алу мақсатында жасалатын профилактикалық шара. Теріні жұмсарту үшін жылы суға тұз қосып, аяғыңызды 15-20 минутқа салып отыруға болады. Ал лимон аяқтың шаршағанын басады. Тырнақ күтімі өз алдына, ол аяқ тырнақтарының дұрыс жетілуіне, әдемі болуына септігін тигізеді.