Пәтуа деген не?
Шариғатта «фетва» деген ұғым бар. Бұл не мағына береді, қасиетті Құран Кәрімдегі сүрелердің бірінің атауы ма?
Мирас ЖУАСБАЕВ, студент
Араб тілінен алынған «фетва» сөзі сүре, болмаса дұғаның атауы емес. «Фетва» немесе пәтуә – діни рәсімдерді орындау кезіндегі даулы мәселелерді реттеу үшін шығарылған шешім. Ислам қағидаларына негізделіп жасалатын бұл шешім мүфти немесе шариғат заңдарын жақсы білетін заңгер тарапынан шығарылады. Пәтуә шығару мәселенің мән-жайын баяндау, айғақтарды алға тарту және бұйрық шығару бағыттарында жүзеге асырылады. Ауызша немесе құжат түрінде рәсімделіп жасалатын бұл діни шешімнің қарапайым құқықтық жүйеден айырмашылығы – бұйрық шығарушы адам сот емес, шариғат заңдары мен ислам қағидаларын білетін оқымысты ғалым.