Жеке тұрғын үйді немесе көпқабатты үй пәтерлерінің бірін иесіз деп тану қандай жағдайларда іске асырылады? Мұндайға жергілікті әкімдіктерде қандай орган жауапты? Баспананы иесіз деп тану үшін кім не істеуі керек?
Шамиға Оралбаева, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, тұрғын үйді иесіз деп тану жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге алу жөніндегі мекемемен іске асырылады. Азаматтық Кодекстің 188-бабына сәйкес, мүлік иесі аталған нысан иесіз деп танылатыны хабарланысымен бір жыл ішінде оны сатуға, кепілдікке қоюға не басқа адамдардың иелігіне беруге құқылы. ҚР «Жылжымайтын мүлікке иелік ету мен онымен сауда келісімін жасау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» заңға сәйкес, мүлікке иелік етуші үшінші тұлға пайда болмаған кезеңде қожайынның баспананы иесіз нысандар тізімінен шығару жөнінде өтініш жазуға құқы бар. Бірнеше жыл бойы иесіз тұрған пәтерлердің келешек тағдырын білу үшін жергілікті әкімдікке немесе жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге алумен айналысатын кәсіпорынға хабарласу қажет.
Пәтерді иесіз деп тану үшін не істеу керек?
Последние статьи автора