Пассаж деген не?

Музыка тілінде «пассаж» деген термин бар. Осы терминді жан-жақты түсіндіріп берсеңіздер.

Ермек Рашитұлы, Шығыс Қазақстан облысы

Егер сіз шебер музыканттардың аспапта ойнағанын жиі тыңдайтын болсаңыз, олардың өзіндік аспапта ойнау техникасының ерекше екенін байқаған шығарсыз. Музыкалық шығармалардың кейбір эпизодтарында дыбыс ерекше жылдамдықпен шарықтайтын тұстары болады.

Ондай кезде дыбыс маржандай төгіліп немесе бір арнада құйылып жатқандай сезім туғызады. Міне, музыкадағы осындай құбылысты пассаж деп атайды. «Пассаж» деген терминді француз тілінен аударғанда «өткел» деген мағына береді. Шындығында, музыкант пассаж орындағанда жылдам темппен бір регистрден екіншісіне өтеді, сондай-ақ пассаж шығармадағы бірнеше тақырыпты байланыстырады.

XIX ғасыр музыкалары мен қазіргі таңдағы музыкалық шығармаларда мұндай «көпірлер» өте азая түскен. Пассаж – зор жылдамдықтағы дыбыстардың кезектестігі. Пассаждар көбінесе опералық әндерде болады. Паганинидің скрипкаға арналған шығармалары мен Шопеннің фортепьяноға арналған шығармаларында пассаж жиі кездеседі. Сондай-ақ қазақ күйлерінде де мұндай музыкалық құбылысты кездестіруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста