«Iрi көлемде пара алды немесе аса iрi көлемде пара алды» деп жатады. Iрi көлемде пара мен аса iрi көлемдегi параның мөлшерi қанша?
Әлiбек ГАЙБУЛЛИН, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 311-бабының 1- тармағының ескертуiне сәйкес, бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 311-бабының 3- тармағының ескертулерiне сәйкес, екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны аса iрi мөлшердегi пара деп табылады.
Параның да мөлшерi бар
Последние статьи автора