ПАНДЕМИЯДАН СОҢ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨЗГЕРДІ

Коронавирус пандемиясы адамдардың қалыпты өмір ағысын өзгертті. Өмір салтының өзгеруі мен кейбір құндылықтардың алға шығу тенденциясының байқалып отырғанын мамандар да айтады.


 
Қазақстандық психолог азаматтар арасындағы коммуникация жолдары өзгерді дейді. Әлеуметтік желі мен мобильді байланыс бүгінде негізгі қарым-қатынас құралына айналған. Осы орайда психолог маман пандемияның адамдар санасына әкелген өзгерістері мен жақындармен күнделікті байланысқа шығудың маңыздылығы туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Карантин кезінде адамдардың психологиялық денсаулығын бір қалыпты ұстауға онлайн байланыс құралдары көмектесті, дейді психоаналитик Шырын Айдарова. Оның сөзіне қарағанда, оқшауланудың жағымды тұстары да, жағымсыз тұстары да адам санасына айтарлықтай әсер еткен.


Психоаналитик Шырын Айдарова

"Пандемиядан соң адамдар арасындағы коммуникация өзгерді. Олар бетпе-бет араласудан гөрі, әлеуметтік желі, қоңыраулар мен смс хаттар арқылы сөйлесе бастады. Бір жағынан бұл адамның психологиялық денсаулығын қалыпта ұстап тұрды. Себебі адамдар онлайн байланыс құралдары арқылы қарым-қатынасқа түсуді үйренді. Ал енді екінші жағынан, оқшаулану адамның психологиялық мәселелерін ұлғайта түскендей болды", – дейді психоаналитик.

Айтуынша, пандемия кезінде өзіне күйзеліске, депрессиялық күйге түстім деген шағымдармен келген адамдардың саны артқан.

"Оқшаулану жалғызсырау мен күйзеліске түсу сезімін ұлғайтады, қорқыныш сезімі мен адамның өз-өзіне деген сенімсіздігін арттырады. Адамдар айлар бойы оқшауланып өмір сүргенде олар өздерінің психологиялық проблемаларын анық байқады”, – дейді Шырын Айдарова.

Оқшауланудың жағымды тұстары да болды. Соның ішінде отбасы құндылығының бірінші орынға шығуын атап өтуге болады.

Адамдар отбасына көбірек назар аудара түсті. Жақындардың ортасында көбірек уақыт өткізетін болды. Егер бұрын уақыт тапшы болса, оқшаулану осындай мүмкіндікті адамдарға ұсынғандай. Жақындарына деген сыйластығы артып, отбасы құндылығының жоғарылай түскенін байқаймыз. Оқшаулану кезінде күйзеліске ұшыраған жандарды да кездестірдім, кейбір жұптардың қарым-қатынасы сынаққа шыдамай, қиындықтарға тап болды. Онлайн оқып, жұмыс істегендер карантинге дейінгі өмірдің қадірін ұғынғандай болды.


Маман жақындармен күнделікті қарым-қатынаста болу керек деген қағиданы елемейтін адамдар бар екенін, бұл әркімнің жеке психологиясына байланысты екенін алға тартады.
"Жақындармен, отбасымен күнделікті сөйлесудің маңызды екенін бәрі білетін шығар. Алайда адамдар көп жағдайда бұған аса мән бермейді. Адамның жақындарымен араласпауының себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл мәселені уақытылы шешуге тырысу керек. Зерттеулерге сүйенсек, жаныңа жақын адамдармен сөйлесу денсаулыққа жағымды әсер етеді, тек қуаныш сыйлайды.

Осы ретте оқшаулану адамдар қарым-қатынасының шын мәніндегі көрінісін көрсетті. Көпшілігі жақындарынан алыстап, тығыз байланыс жасай алмады. Мұндай адамдарға карантиннен өту қиын болды. Ал керісінше, отбасымен бірге болған, күнделікті қолдауды сезінгендер үшін оқшаулану процесі жеңіл тиді", – дейді Шырын Айдарова.


Карантин кезінде онлайн байланыс құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасауды үйрену арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.
Онлайн жұмысқа тұрғандар саны көбейді. Күнделікті шаруаның бір бөлігін онлайн атқарып, көптеген сұрақтарды смартфон көмегімен лезде шешуге болатынына көз жеткіздік.

Психолог осы тұста мобильді байланыстың рөлі ерекше бола түскенін айтады.

“Психологиялық денсаулықты бір қалыпты ұстап тұруға да онлайн қарым-қатынас, яғни қашықтан байланысу көмектесті. Бұл жерде онлайн байланыс, телефон қоңырауы, хабарламалар және т.б. бар. Мобильді байланыс карантин кезінде адамдарға “аман қалуға” септігін тигізді.

Адамдар мобильді байланыс, желілер арқылы бір-бірімен хабарласа алды, қарым-қатынасты үзбеді. Медицина қызметкерлері, психологтар пациенттеріне қашықтан, көп жағдайда осы мобильді байланыс арқасында көмек бере алды. Бұл пайдалы қызметтің өміріміздің сапасын жақсарта түскенін осыдан байқадық. Әрине, адам мобильді телефонға, смартфонға тәуелді болып қалмауы керек.

Мобильді байланыс адамдарға жұмысында да, сабақта да үлкен көмегі тиетінін көріп отырмыз. Оның арқасында Жер шарының әртүрлі жерінде отырып байланысқа шығамыз, жұмыс істейміз. Дегенмен шынайы қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды. Құшақтау, сүю, қолмен ұстау адамның рухани ашылуына әсер етеді.

Физикалық контактіде адамның сезімі оянады
 
Бүгінде мобильді интернет пен ұялы байланыс қызметін қолданбайтын адам кемде-кем. Ақпарат ағымынан қалыс қалмас үшін заманауи қоғамда кез келген адам әрдайым байланыста жүруге тырысады. Оқу, жұмыс, белсенді өмір салты кезінде мобильді байланыссыз жүру үлкен кедергі келтіретіні рас. Онлайн байланыстың түрлері қаншалықты көп болса да, интернетке қолжетімділік болмаған кезде қолданушылар ұялы байланыс көмегіне жүгінеді.


 
Осы материалды дайындау барысында ұялы байланыс операторларына шолу жасап, салыстырмалы зерттеу жүргіздік. Әрине, Қазақстанда ұялы байланыс операторлары жеткілікті. Ұсынатын қызмет түрлері де сан алуан. Сапасы мен бағасы бойынша да таңдауға мүкіндік бар. Осыған қарамастан, көп жағдайда тұтынушылар байланыстың тиімді мүмкіндіктерін қолдана алмай жатады. Кейде өз шығындарын басқара алмай, бөгде, қажеті жоқ сервистерге тіркеліп алса, ал енді бірде интернет-трафикті жеткізе алмай жатады, ал кейбіріне керісінше сөйлесу үшін минуттар жетіспей қалады. Осы ретте сапалы байланысты қолжетімді бағада ұсынатын операторға қосылу тиімді болмақ.


Ал сапалы қызмет мүлдем тегін ұсынылса қалай қарайсыз?! Ия, бұл мүмкін. Біз зерттеу нәтижесінде сапалы қызметті тегін ұсынатын сандық ұялы байланыс операторы Jusan Mobile туралы ақпарат жинап, сіздермен бөлісуді жөн көрдік. Керегіңізге жарап қалар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста