Тіс щеткасының қатты да емес, жұмсақ та емес орташа түрін таңдау керек. Щетканың сабы ұзынын әрі резиналы түрін таңдаңыз.
Тіс жиегі ауыратындар мен 12 жасқа дейінгі балаларға жұмақ щеткаларды таңдау керек.
Тіс щеткасының басы 2-3 см, ұзындығы 2 см, ені 1,5 см болу керек.
Бір щетканы ұзақ қолдануға болмайды. Әрбір 3 айда щетканы ауыстырып тұрыңыз.
Біз әдетте щеткаға пастаны көп жағамыз. Пастаны щетканың жартысына ғана жақсаңыз жетеді.
Тіске құрт түскен болса, құрамында фторы бар паста таңдаңыз. Калий, аргинин, гидроксиапатит элементтері бар паста тіске пайдалы.
Тісті оңнан солға қарай емес, жоғарыдан төмен қарай ысқылаңыз. Тісті 3 минут жуыңыз. Жоғарғы тістерді жоғарыдан төмен қарай, төменгі тістері төменнен жоғары қарай ысыңыз. Тіс жуып болған соң тіліңізді жуыңыз.
Тісті жіппен жуғанда тіс тасы пайда болуы мүмкін. Бірақ тіс етін қатты етеді. Алдымен жіппен тазалап алып, соңынан пастамен жууға болады. Ол үшін жіпті 18 см етіп таңдау керек.Брекеті бар адамдарға тісті әр тамақтанған сайын тазалаған дұрыс.