Өзбекстандық баланы асырап алуға бола ма?
Менің бір туысқаным 16 жастағы баланы асырап алмақшы еді. Бірақ баланың әке-шешесі – Өзбекстан азаматтары. Баланың туу туралы куәлігі де сол жақтан берілген. Ата-анасының бас тартуы- мен асырап алуды Қазақстанда жүзеге асыру мүмкін бе? Мүмкін болса, заңды түрде қалай рәсімделуі керек?
Болғанай АЙДОСОВА, Алматы облысы
Қазақстан Республикасының процессуалды кодексіне сәйкес, азамат жеткіншек баланы асырап алу туралы баланың мекенжайы бойынша Жеткіншектер ісі жөніндегі ауданаралық сотқа өтініш беруі керек. Егер ол мекенжайда Жеткіншектер ісі жөніндегі ауданаралық сот болмаса, өтінішті қалалық, аудандық сот қарауға құқылы.
Сот отырысы бала асырап алушының өтініші негізінде, міндетті түрде қорғаушы және қамқоршы орган өкілінің қатысуымен, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.