Отбасылық балабақша ашудың тәртібі қандай?

Отбасылық балабақша ашудың тәртібі қандай?

Отбасылық балабақша ашсам деген ойым бар. Отбасылық балабақша ашудың тәртібі қандай? Оған лицензияны кім береді?

Жұлдызай ҚОЖАБЕРГЕНОВА, Шымкент қаласы

Отбасылық балабақшалардың қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83-қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және отбасылық балабақшалар қызметін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

 Отбасылық балабақшаларды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

Отбасылық балабақшаның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы  № 452 қаулысына сәйкес береді.

Отбасылық балабақша «Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 571 бұйрығымен бекітілген (№ 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары толық сақталған жағдайда ашылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста