Біз отбасында үш адамбыз. Бірақ ауылдан келген туыстарымызды пәтерге тіркеуге қойғанбыз. Қазіргі уақытта жеті адам тіркеудеміз. Егер де отбасы туралы анықтама талап етілсе, тіркеудегі артық адамдарды қайтемін? Отбасы туралы анықтаманы кім береді?
Дана ӘДІЛБЕКОВА, Алматы қаласы
Бұл сауалға Әділет министрлігінің құқықтық анықтама орталығының маманы Жандос Тәттімбетов жауап береді:
– Қазіргі уақытта отбасы туралы анықтама еш жерде талап етілмейді. Оның орнына үй кітапшасы (көшірмесі) талап етіледі. Көптеген жағдайда әр азаматтың қай жерде тіркеуде тұрғандығы туралы анықтама талап етіледі. Ал егер де қандай да бір мекеме отбасы туралы анықтама талап етер болса, онда отбасы мүшелерінің жеке куәлігін, туу туралы куәлігін, неке туралы куәлікті (көшірмесімен қоса) ұсынуыңызға болады.