Ең алғашқы отарба қашан қай елде пайда болған?
Ермұрат БОТАБАЙ, Астана
Ең алғашқы пойыздар XVII-XVIII ғғ. Еуропада пайда болған. Олар вагондарды атқа тіркеу арқылы қозғалысқа келген. ХІХ ғасыр басында змеиногорлық инженер Петр Фролов теміржол жасап шығарды. Үш жылдан соң ол қолданысқа берілді. Бұл жол арқылы бір-бірімен металл сақиналар арқылы жалғасқан үш-төрт вагоннан тұратын пойыздар жүріп тұрды.
1804 жылы ағылшын ғалымы Третевик тұңғыш отарбаны ойлап тапқан. Бастапқыда бұл отарба адамдардың көңілін көтеретін аттракцион ретінде пайдаланылды. Осы мақсатта оған жолаушылар вагондары тіркелді. Алғашқы жүк пойызды содан 16 жылдан кейін Англияда екі шахта арасында көмір тасу үшін қолданылды. 1825 жылы қыркүйекте тұңғыш қоғамдық Стоктон – Дарлингтон теміржолының ашылу салтанаты болды. Дәл сол күні «Локомоушн» отарбасы 80 т жүкпен жүріп өтті. Бес жылдан кейін тұңғыш жолаушылар отарбасы саналатын Ливерпуль – Манчестер магистралінің ашылуы болды. Дәл осы отарбада пошта тауарлары тиелген бірінші пошта вагоны да бар болатын.
Отарбаның отаны қайда?
Последние статьи автора