Омбудсмен белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бір айнасы іспетті, бұл мемлекеттің өркениеттілігінің деңгейін және оның адам құқықтарына қалай қарайтынын көрсетіп беретін құрал екені мәлім. Елімізде омбудсмен институты қашан құрылды?
Жандос, Алматы облысы
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының пайда болуына қоғам мен мемлекеттің дамуы, оны демократияландыру және елде құқық қорғау жүйесін қалыптастыру себеп болды. Қазақстанда омбудсмен институтын ұйымдастыру туралы алғашқы идея БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Адам құқықтары жөніндегі басқармасы 1995 жылы қаңтарда Женевада өткізген семинарда айтылды. Ол кезде қазақстандық делегация осындай мекемелердің жұмысын ұйымдастыруда тиісті халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мүмкіндігі туралы айтты. Осы бастаманы семинардың жұмысына қатысқан БҰҰ жүйесінің үйлестірушісі/БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Н. Рингроуз қолдады. 2002 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 жылдығына арналған өз сөзінде омбудсмен мекемесі демократиялық елдерге тән екендігіне назар аударды және осындай мекемені Қазақстанда құру қажеттігін атап көрсетті. 2002 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» Жарлықты қабылдау арқылы Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.
Отандық омбудсмен институты қашан құрылды?
Последние статьи автора