Өсиет хат үй кітабымен бірге кетті
Жуырда үй кітапшасын жоғалтып алдым. Онымен бірге анамның баспанамызды мұраға қалдырғанын растайтын құжат та бірге кетті. Не істеуім керек?
Жалғас Төлеубаев, Алматы облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, алаңдайтын дәнеңе жоқ. Үйді өз атыңызға аударып үлгерген болсаңыз, онда үй кітабын белгіленген тәртіп бойынша қайта қалпына келтіре аласыз. Егер мұны істеп үлгермеген болсаңыз, үй кітабын қалпына келтіру туралы өтінішке қоса, өсиет хаттың жоғалғаны жайлы тағы өтініш жазуыңыз қажет. Бұған қоса, Халыққа қызмет көрсету орталығына төмендегі құжаттарды ұсынасыз:
– жеке куәліктің түпнұсқасы;
– азаматтың тұрғылықты мекенжайын анықтайтын құжат;
– үй кітабын алу үшін ақы төленгенін растайтын түбіртек.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу