Орынсыз жұмыстан шығарып, айыппұл салуға бола ма?

Жұмысқа бір рет келмегенім үшін, мені жұмыстан шығарып, маған айыппұл салмақшы. Жұмыс берушінің бұлай етуге құқығы бар ма?

Шалқар

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54 бабының 6 тармақшасына сәйкес, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негiзi болып қызметкердің бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны бола алады.
Сонымен қатар заң жұмысқа шықпаудың ерекше себептер тізімін қарастырмайды, сондықтан да жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын бұзу жөніндегі шешімді шешпестен бұрын, қызметкердің дәл бұндай әрекетіне түрткі болған себептерді обьективті түрде қарастыру тиіс.
Сол мақсатта жұмыс беруші қызметкерден жұмысқа шықпағандығын түсіндіретін түсініктеме жаздыруы міндетті. Сондай-ақ қызметкердің жұмыс орнында болмаған сәтін құжатты түрде тіркеп акт толтырылып, кем дегенде екі адамның қолымен расталуы тиіс. Қызметкердің сәйкес жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, сәйкесінше акт толтырылады.
Айыппұл туралы сөз қозғасақ, әдетте жұмыс берушілр айыппұлды қызметкердің лауазымдық міндеттерін, ішкі еңбек тәртібін бұзғаны үшін және т.б. тәртіптік жазаның бір түрі ретінде қарастырады. Сонымен қатар кейбір жұмыс берушілер естен шығарады, не білмейді, немесе мүлдем бұл ережелерді қолданбай, еңбек кодексінің де келесідей тәртіптік жазалары бар екендігін: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; Еңбек кодексімен белгіленген жұмыс берушінің ниетімен жеке еңбек шартын бұзу.
Қазақастан Республикасының Еңбек кодексімен қарастырылмаған тәртіптік жазаларды қолдануына жол берілмейді.
Егер де айыппұлды сіздің жалақыңыздан ұстап қалу ретінде есептелсе, онда мұндай әрекеттер тек Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайларда ғана соттың шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ жұмыс беруші қызметкердің ұйым алдындағы қарызын өтеу мақсатында акті негізінде сіздің жалақыңыздан ұстап қалуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс беруші міндетті түрде қызметкердің ұстап қалуға жазбаша келісімін алуы тиіс.
Ұстап қалудың жалпы көлемі қызметкерге тиесілі жалақының елу пайызынан артық болмауы тиіс.

Адина А, заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста