Нобель сыйлығының иегері, атақты түрік жазушысы Орхан Памук кезінде өз елінде «Халық жазушысы» деген биік атақтан бас тартқаны рас па? Оның қандай шығармалары бар?
Рүстем ҚАНАҒАТҰЛЫ, Қостанай қаласы
Орхан Памук 1952 жылы 7 маусымда Түркияның Стамбул қаласында туған. 1977 жылы Стамбул университеті жанындағы Журналистика институтын бітірген. Шығармашылықпен 22 жасынан бастап айналыса бастады. Оның қаламынан туған романдар бүгінде әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылған. Оның «Джевдет мырза және оның ұлдары» деп аталатын тұңғыш романы 1979 жылы Milliyet Press сыйлығын, 1983 жылы Орхан Кемал атындағы сыйлықты алған. Памуктың жазушылық даңқын «Ақ қорған», «Қара кітап» атты романы асқақтатты. Оның шығармашылығы, негізінен, АҚШ пен батыста жоғары бағаланады. 1998 жылы Түркия мемлекеті тағайындаған «Халық жазушысы» деген атақтан бас тартады. Бұл – оның елдегі белгілі бір саяси ахуалдарға деген өзіндік көзқарасынан туындаған әрекеті. Бұдан соң жазушының «Менің атым Қызыл» атты атышулы кітабы Америкада басылып шығады. Осы романы үшін ол 2003 жылы Халықаралық Дублин сыйлығын алды. Аталған сыйлықтың сыйақы мөлшері 100 мың евроны құрайды. Ал 2006 жылы оған әдебиет саласы бойынша ең беделді саналатын әйгілі Нобель сыйлығы берілді.
Орхан «Халық жазушысы» атағынан бас тартқан ба?
Последние статьи автора