Орхан «Халық жазушысы» атағынан бас тартқан ба?

Орхан «Халық жазушысы» атағынан бас тартқан ба?

Нобель сыйлығының иегері, атақты түрік жазушысы Орхан Памук кезінде өз елінде «Халық жазушысы» деген биік атақтан бас тартқаны рас па? Оның қандай шығармалары бар?
Рүстем ҚАНАҒАТҰЛЫ,
Қостанай қаласы
Орхан Памук 1952 жылы 7 мау­сымда Түркияның Стамбул қаласында туған. 1977 жылы Стам­бул университеті жанындағы Жур­налистика институтын бітірген. Шығармашылықпен 22 жасынан бас­тап айналыса бастады. Оның қа­ламынан туған романдар бүгінде әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылған. Оның «Джевдет мырза және оның ұлдары» деп аталатын тұңғыш романы 1979 жылы Milliyet Press сыйлығын, 1983 жылы Ор­хан Кемал атындағы сыйлықты ал­ған. Памуктың жазушылық даң­қын «Ақ қорған», «Қара кітап» ат­ты романы асқақтатты. Оның шы­ғармашылығы, негізінен, АҚШ пен батыста жоғары баға­ла­­нады. 1998 жылы Түркия мем­лекеті тағайындаған «Халық жа­зушысы» деген атақтан бас тар­тады. Бұл – оның елдегі белгілі бір саяси ахуалдарға деген өзіндік көз­қарасынан туындаған әрекеті. Бұ­дан соң жазушының «Менің атым Қызыл» атты атышулы кітабы Аме­рикада басылып шығады. Осы романы үшін ол 2003 жылы Ха­лық­аралық Дублин сыйлығын ал­ды. Аталған сыйлықтың сыйақы мөл­ше­рі 100 мың евроны құрайды. Ал 2006 жылы оған әдебиет саласы бо­йынша ең беделді саналатын әй­гілі Нобель сыйлығы берілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста