Өрт қауіпсіздігі жылына неше рет тексерілуі тиіс?
Қауіпті өндірістік объектілердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру қалай және бір жылда неше рет жүргізіледі? Өрт қауіпсіздігін, электр қауіпсіздігін, эвакуациялық жолдардың ұйымдастырылуын және қызметкерлердің біліктілігін тексеру қалай жүзеге асырылады? Тексеру жүргізуші орган қай заңға немесе қандай ережеге сүйене отырып жұмыс жүргізуі тиіс?
Мейірғали ЕСЕНҒАЛИЕА, Атырау облысы
Өрт қауіпсіздігі қызметі саласы мамандарының мәліметінше, қауіпті өндірістік объектілердің төтенше жағдайға дайындығын тексеруі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына сәйкес, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарының талаптарын қолдау бойынша жоспарлы тексеріс арқылы жүргізіледі.
Мұнай тасымалдау объектілері Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының 11-1 және 15-6 баптарына сәйкес, міндетті декларациялануға жатады және жоғары тәуекел дәреже тобына кіреді. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабы бойынша осы объектілер жылына бір рет жоспарлы түрде тексеріледі.
Өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, эвакуациялық жолдардың ұйымдастырылуы және қызметкерлердің біліктілігі ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, тексеру парағы бойынша тексеріледі.