Орманда өрт шықса не істеу керек?
Медеу, Шымбұлақ жақта шөптің не ағаштардың жанып жатқанын көргенде қайда хабарласу керек?
Айдар ТӨЛЕГЕНОВ, Алматы қаласы
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, қала маңындағы орманды алқаптарда өрттің куәгері болғандар шұғыл қызметтердің «101» және «112» нөмірлеріне хабарласуы керек. Орманды аймақта от тұтана бастағанын байқаған кезде оны ықтасын жаққа шығып сөндіруге әрекеттенген жөн. Егер өрттің ауқымы үлкен болса немесе желдің әсерімен жылдам жайыла бастаса қауіпті аймақтан құтылып, өзгелерді өрттен сақтандыру қажет. Төтенше жағдайлар қызметі демалыс және мереке күндері Кіші Алматы шатқалында өрт сөндірушілер кезекшілік атқаратынын ескертеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу