Өркениеттер қақтығыса ма?
«Өркениеттер қақтығысы» деген термин соңғы кезде жиі айтылып кетті. Жалпы, ол терминді ойлап тапқан кім?
Сәулет МАХАМБЕТҰЛЫ, Алматы қаласы
«Өркениеттер қақтығысы» деген терминді Американың стратег-теоретигі Самуэль Хантингтон ойлап тапқан. Бірақ көптеген саясаттанушылар ол теорияға қарсы. Себебі бүкіл әлем бір-бірімен етене араласып, бауырласып кеткені жөн. Саясаттанушылар батыс пен шығыстың арасында диалог орнатуды қажет санайды. Өркениеттер қақтығысына халықтардың жұтылмауының бірден-бір себебі, ол – халықтардың үйлесімді өмір сүруі және халықаралық түсіністік. ХХ ғасыр адамзат үшін зор әлеуметтік өзгерістер, этникалық, діни және саяси қақтығыстар ғасыры болды. Бірақ ешбір ғасырда адамзат өз алдына бейбіт өмір сүрудің нормаларын дүниежүзіне ұсынбаған еді. Екінші дүниежүзілік соғыс әлі күнге дейін толастамай отырған көптеген жанжалдар мен қақтығыстардың себебі болды. «Гарвард университетiнiң профессоры С.Хантингтонның өркениеттер қақтығысы туралы мәдени-танымдық болжамымен келiсуге де, келiспеуге де болады» дейді ғалымдар. Өйткені оның ойлары кейбір халықтардың мәдени-тарихи болмысына сай келмейді.