Ораза ұстаған адам ауызын сумен шаюына болады.
Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [1]- деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [2]. Осыған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [3]. Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [4].
Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.