Оралмандар мен шетелдіктерге жер беріле ме?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері оралмандарға,  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қандай шарттармен беріледі?
Ережеп НҰРҒАЛИҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік әзірлеген материал негізінде сіздің сұрағыңызға жауап табуға тырыстық. Оралмандар санатындағы азаматтарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға беру)  құқығымен ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жылға дейінгі мерзіммен жер беріледі. Жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және қосалқы жерлерден беріледі, бірақ жергілікті әкімдер өткізетін сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жолымен оралмандарға жер берілмейді. Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ауылдық елді мекендер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнаулы жер қорынан және  қосалқы жерлерден беріледі. Оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін берілген жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген тәртіппен олардың жекеменшігіне өтеді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері, кепілге салуды қоспағанда, жалдау құқығымен барлық мәмілелерді жасасуға тыйым салу шартымен 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста