Оқырман билетін қалай аламын?

Елімізде кітапхана қызметін пайдалану тәртібі қалай жүргізіледі? Оқырман ретінде тіркелу үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Еркінбек Нұрсағатұлы,
Алматы облысы
Әр кітапхананы пайдаланудың өзіндік ережесі болады. Дегенмен көбіне ортақ ереже бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматы, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, 16 жасқа толған және жеке басын куәландыратын құжаты бар азаматтар кітапхана оқырманы бола алады. Оқырман билеті оқу залдары мен орталықтарда кітапхананың қорларын және басқа қызметтерін пайдалануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады. Оқырман билетінің екі түрі болады: тұрақты және бір жолғы. Кітапханаға жазылу тегін жүргізіледі.Тіркелу үшін келесі құжаттар қажет:
– ҚР азаматының жеке куәлігі (түпнұсқа) немесе паспорты, басқа мемлекет азаматтары үшін – паспорт;
– ЖОО, колледж, мектеп оқушылары үшін – жеке куәлігі, студенттік билет, сынақ кітапшасы немесе оқу орнынан анықтама;
– бір құжатының түпнұсқасы болған жағдайда басқа құжаттардың көшірмесі жарайды.
– Диссертация залының және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорын пайдалану үшін қосымша:
– оқырманның жұмыс мекемесінен, оқу орнынан фирмалық бланкта ҚР Ұлттық кітапханасының бас дирек­торының атына жазылған қатынасхат қажет.
– Ғылыми қызметкерлер залының қызметін пайдалану үшін қосымша:
– оқырманның ғылыми дәрежесін және лауазымын растайтын құжаттардың көшірмесі қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста